Ақмола облысында РАТТ мүшелерімен кездесулер өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Ақмола облысында дін істері басқармасының қолдауымен бекітілген жоспар бойынша, 2025 жылдың 21-25 сәуір аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысты: Сандыбаев Жалғас Садуахасұлы – Астана қаласы, М.Нәрікбаев атындағы университеті, Ислам және қазақ құқығы орталығы директорының орынбасары; Сабдин Аскар Калимжанович – теолог, исламтанушы; Смағұлов Марат Аманжолұлы – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманы; Тойғылы Дінмұхамед Әбубәкірұлы – Астана қаласы, «Sapsan» стратегиялық орталығының теолог маманы; Туйганов Мырзабек Сардарбекович – Қостанай облысы, ҚР ІІМ Қостанай академиясының ҚАЖ мамандарын дайындау орталығы жетекшісі.
Іс-шараларды ұйымдастыру барысында Қосшы қаласы, Целиноград, Аршалы, Ерейментау, Бұланды аудандарының тұрғындарымен, жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерімен, ұстаздармен, жастармен, медицина қызметкерлерімен және т.б. «Қоғамда дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дамыту», «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге көзделген құқықтық жауапкершілік», «Қоғамда дінтанулық сауаттылықтың маңыздылығы», және т.б. тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.