Маңғыстау облысында ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Маңғыстау облысында дін істері басқармасының қолдауымен бекітілген жоспар бойынша, 2025 жылдың 21 – 25 сәуір аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысты: Орынғалиев Ринат Сембайұлы – Атырау қаласы, «Шапағат ДДА жапа шеккендерге көмек отралығы» ҚҚ теологы; Теміралиев Асылжан Асылбекұлы – Ақтау қаласы, «Дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының» қызметкері, «Jaswave» оратор клубының жетекшісі; Сақан Дастан Дарханұлы – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығының» теолог маманы; Шопанова Бакытгул Максотовна – Ақтау қаласы, «Діни бірлестіктермен байланыс және діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы.
2025 жылғы 21 – 25 сәуір аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Ақтау және Жаңаөзен қалалары, Түпқараған, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарының тұрғындарымен, жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерімен, ұстаздармен, жұмыссыздармен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен, әлеуметтік осал топтармен және т.б. «Жастар арасында медиа сауаттылықты арттыру», «Теріс идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Деструктивтік діни ағымдардың таралуын алдын алу», жәнет.б.тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.