Ұлытау облысында тренинг өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Ұлытау облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерінеарналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.
23-24 қазанда Жезқазған қаласының «AMANAT» партиясының қоғамдық бірлестігінің филиалында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ- ның қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға Дін зерттеу орталығының, мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Тусупбеков Жаркын Амантаевич және Конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының сарапшысы Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы семинар оқыды. Тусупбеков Жаркын Амантаевич «Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтаудағы құндылықтардың рөлі» және «Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы діни-этикалық категориялардың маңыздылығы» тақырыптарында семинар өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық рухани мұраның қазіргі қоғамдағы мәнін талқылап, қазақ ойшылдарының еңбектері арқылы адамгершілік пен имандылық құндылықтарын дәріптеудің жолдарын қарастырды. Семинар қорытындысында жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мен рухани тұрақтылығын нығайтудың маңызы ерекше атап өтілді. Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы «Ақпараттық-түсіндірме топтарының мүшелеріне арналған көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту» және «Еліміздегі және халықаралық діни ахуалға шолу» тақырыптарында семинар-тренинг өтті. Іс-шара барысында қатысушылар тиімді коммуникация, аудиториямен өзара әрекеттесу тәсілдері мен діни ахуалды талдаудың заманауи әдістерін меңгерді. Семинардың мақсаты – ақпараттық-түсіндірме жұмысының сапасын арттырып, қоғамдағы тұрақтылық пен рухани келісімді нығайту болды.
Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды


