Қазақ тілінің тегін онлайн курстары басталды

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің қолдауымен қазақ тілін қарапайым деңгейден бастап үйренгісі келетіндерге немесе өз деңгейін жақсартқысы келетіндерге арналған топтар жасақталды.

Мемлекеттік тілді үйрену курстарын ересек азаматтарға қолжетімді ету, онлайн-курстардың сапасын арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу, тіл үйренушілердің айтылым дағдысын жетілдіру арқылы, қазақ тілінде сөйлеушілердің санын арттыру мақсатында «Қазақ тілін үйрету» жаппай ашық онлайн курсы жобасы ұйымдастырылуда. Еліміздің кез келген нүктесінен ыңғайлы уақытта оқуға мүмкіндік жасау мақсатында сабақтар онлайн өткізіледі. Тыңдаушыларға кәсіби оқытушылар сабақ беріп, интерактивті әдістемелер ұсынылып, әр кезеңде қолдау көрсетіледі. Оқыту аяқталған соң Министрлік атынан ресми сертификат беріледі. 2025 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында 500 адамды оқыту жоспарланып отыр. Оқу құралында лексикалық және грамматикалық минимумдардан, сөйлеу әрекеті түрлерінің  оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, сөйлесім дағдыларын дамытуға  арналған тапсырмалар жүйелі берілген. Оқу құралына қосымша онлайн карточкалар, мультмедиялық тапсырмалар, аудио материалдар арқылы грамматикалық, лексикалық тақырыпты бекітеді. Әр сабақтың жазбасы жасалып, арнай YouTube каналға жүктеледі, тыңдаушылар себепті сабақты босатқан жағдайда, сабақтың жазбасын көріп, оқытушымен кері байланыс жасай алады.

Толкынбек Ж.

Қоғам
12:00, 01 декабрь 2025
656
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив