Ақтөбенің аялдамасында кітапхана ашылды

 

Аялдамада автобус күтіп тұрсаңыз, уақытты кітап оқуға арнаңыз. Әдеби бұрышқа өзіңіздің сүйікті кітабыңызды қалдырып, өзгелерге қуаныш сыйлай аласыз. Халықтың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында Ақтөбеде осындай ерекше кітапхана ашылды.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Аялдама- қоғамдық көлік күтуге арналған орын. Енді  жолаушылар ол жерде текке тұрмай, кітап оқи алады. Оған  Ы.Алтынсарин көшесіндегі “Қазақстан” аялдамасында ашылған кітапхана дәлел. Мұнда еркін кітап алмасу бұрышы-буккроссинг орналастырылған. Сөреде тұрған кітапты тегін алып, оқи аласыз. Үйіңіздегі өзіңіз оқып болған кітапты әкеп қоюға да болады. Сондай-ақ оқырманQR-код арқылы сауалнамада таңдалған 100 кітаптың толық нұсқасына оқи алады. Ақтөбелік ақын-жазушылардың шығармаларымен де танысу мүмкіндігі бар. Бұл М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхана меңгерушісі Назерке Жәлелованың жек е жобасы.

  • “Аялдамадағы әдеби әлем” – қала мәдениетін дамытуға, көпшілік арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған әлеуметтік жоба. Бұл бастама тұрғындардың күнделікті өміріне әдеби атмосфера сыйлап, кітапқа деген ынтаны жаңа деңгейге көтереді деп ойлаймыз,-деді кітапханашы

Аялдамадағы кітапхана ашылған күні кітапханашылар әдеби бұрышқа 14 кітап апарып қойған. Небәрі 1,5 сағаттың ішінде ол жерде 2-ақ кітап қалғанын жеткізді. Мектеп оқушылары Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым-Қожа” кітабын QR-арқылы жүктеп, оқып тұрғандарының да куәсі болған. Осылайша кітапханашылар тың жоба арқылы  қала тұрғындарына титтей болса да рухани азық сыйлап жатқандарына дән риза.  


Әлеумет
11:54, 23 январь 2026
626
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив