Ақтөбенің бас имамы тазалықшыға жолдама сыйлады
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Амантай Садиев аталған мешітте бірнеше жылдан бері қызмет етіп келе жатқан мешіт тазалықшысы Алмагүл Есмурзинаға Умра қажылығына жолдама сертификатын тарту етті. Бұл туралы мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.
Бас имам құлшылық ордасына сіңірген еңбегін елеп-ескеріп, сауапты қызметі үшін жұма намазға келген жамағат алдында өзінің алғысын айтты. Намаздан соң ақсақалдар баталарын беріп, рухани сапарына амандық пен сәттілік тіледі. Баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, мұндай сыйды ақтөбелік кәсіпкер тарту еткен.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить
