Ақтөбеде әйелдер дәрісханасы ашылды

Ақтөбе облыстық Нұр Ғасыр мешітінде әйелдер дәрісханасы ашылды. Бұл жерде күнделікті дәрістерден бөлек салт дәстүр туралы сабақтар және қыз-келіншектерге тігін, аспаздық курстар оқытылады.

Назгүл ӘБЕТОВА

Ақтөбе облыстық “Нұр Ғасыр” мешітінде әйелдер дәрісханасы ашылды. Аталған жаңа дәрісхана заманауи бағытта интерактивті тақтамен жабдықталған. Құрылғыны алуға жомарт жандар демеушілік еткен.

Ақтөбе облыстық “Нұр Ғасыр”мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, игі бастама ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен жүзеге асқан.

Дәрісханада күнделікті дәрістерден бөлек, қыз келіншектер тігін, аспаздық курстарды оқи алады. Шара соңы қайырымдылық жәрмеңкеге ұласты.

Әлеумет
10:00, 09 сентябрь 2022
535
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив