Шекарадағы экологиялық бастама

 Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысының жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық-достық кездесуге қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бірлескен шара өткізді.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Екі облыстың жастары экология жолында күш біріктірді.29 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы мен Ақтөбе облысының Қобда ауданының жастары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бас қосты. Шекаралас екі ауданның белсенді жастары қатысқан кездесу қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттауға және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Шара барысында қатысушылар табиғатты қорғау мен экологиялық жауапкершілікті арттырудың маңыздылығын талқылап, бірлескен экологиялық бастамаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың туған жерге деген жанашырлығын арттырып, қоғамдық белсенділігін күшейтуге ықпал етеді.

  • Бұл тек қоршаған ортаны тазарту ғана емес, бұл – көршілес екі облыс жастарының туған жерге деген жанашырлығы мен өзара ауызбіршілігінің көрінісі. Экологиялық мәдениет шекара таңдамайды, сондықтан бірлескен іс-қимыл арқылы біз жас ұрпаққа үлгі көрсетіп отырмыз, – деді ұйымдастырушылар.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына елуге жуық жас қатысты. Кездесу қорытындысында қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді атсалысқан бірқатар жастар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай аймақаралық экологиялық акциялар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Қоғам
16:00, 18 июнь 2026
115
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив