Құрылтай сайлауы күні автобуста жүру тегін

 

Ақтөбеде  23  тамыз күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Қазақстанда 23 тамызда – Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Жексенбі күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікке мінгенде жол ақысын төлемейді.
-23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Барша қала тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге шақырамыз, -делінген қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында жолаушылар тасымалымен  6 компания айналысады. Олар 46 бағытта қызмет көрсетеді.

Қоғам
10:29, 21 август 2026
272
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив