2026 жылғы мемлекеттік кірістер саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық туралы

Сіздерге 2026 жылғы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша  рақымшылық туралы қысқаша ақпарат бергім келеді.

2026 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына қол қойып, аталған Заң 2 шілде күні заңды күшіне енді.

Аталған Заңға сәйкес мемлекеттік органдар салған бірқатар әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық қолданылады. Оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары қараған әкімшілік істер де бар.

    Рақымшылық Қазақстан Республикасының азаматтарына, жеке кәсіпкерлерге және жекеше практикамен айналысатын адамдарға қолданылады. Айыппұлдың кешірілуі үшін: қаулыны сот емес, мемлекеттік кірістер органы шығарған болуы керек, айыппұл 2026 жылғы 2 шілдеге дейін толық немесе ішінара төленбеген және құқық бұзушылық заңда көрсетілген ерекшеліктер тізбесіне кірмеуі тиіс.

    Рақымшылыққа салық органдарында тіркеу мерзімдерін бұзу, арнайы салық режимдерін қолдану, салық есептілігін уақытында тапсырмау, бақылау-касса машиналарын пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеден саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жатады.

Рақымшылық заңды тұлғаларға, лауазымды адамдарға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

Сонымен қатар, рақымшылық сот тағайындаған айыппұлдарға, сондай-ақ салық салу объектілерін жасыру, салық төлеуден жалтару, салық міндеттемелерін төмендетуге қатысты (ӘҚБтК 275, 277, 278 баптары бойынша) құқық бұзушылықтар рақымшылыққа кірмейді.

       Айта кететін маңызды мәселе  - айыппұлдар есептен шығару Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілім ақпараттық жүйесісінің негізінде автоматты түрде жүзеге  асырылады. Азаматтардан өтініш беру немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну талап етілмейді. Бұл рәсім мемлекет тарапынан өздігінен басталады.  Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен оның аумақтық  басқармаларымен әкімшілік рақымшылық 250 әкімшілік материал бойынша жүргізілді. Кешірілген әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 26 млн 685 мың теңгені құрады.Мемлекеттік кірістер органдарына рақымшылық рәсімін аяқтау үшін заңда алты ай мерзім белгіленген. Осы уақыт ішінде рақымшылыққа жататын әкімшілік айыппұлдар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Қоғам
10:30, 24 август 2026
783
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив