Мемлекеттік көлік - жеке меншігің емес

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Ақтөбе облысында биыл қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланудың бір дерегі тіркелді.  Қазіргі таңда екі дерек бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданда мемлекеттік қызметшілер  жұмыстан тыс уақытта арнайы рұқсат құжатын рәсімдемей, көлік тізгіндеген. 

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Қызметтік көлікті жеке көлікпен шатастыруға болмайды. Оңды - солды мініп, қалаған жерге барсаңыз, тәртіптік жауапкершілікке тартыласыз. Өйткені, мемлекеттік қызметші өзіне сеніп тапсырылған көлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануы тиіс. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті осылай деп мәлімдеді.Осындай  фактілер анықталған жағдайда қызметтік тергеу жүргізіледі. Сондай-ақ бұзушылықтың сипаты мен ауырлығына қарай тәртіптік жауапкершілік мәселесі қаралады.

  • Қызметтік көліктің жұмыс уақытынан тыс немесе демалыс және мереке күндері пайдаланылуы сапардың нақты мақсатына байланысты бағаланады. Егер демалыс күніндегі сапар мемлекеттік органның функцияларын орындаумен байланысты болып, тиісті тәртіппен рәсімделсе, оны автоматты түрде бұзушылық деп санауға болмайды. Ал демалыс немесе жұмыс уақытынан тыс кезеңде көлікті жеке мақсатта пайдалану – қызметтік автокөлікті нысаналы пайдаланбау болып табылады, - делінген департаменттің хабарламасында.

Қорыта айтқанда, сенбі немесе жексенбі күндері қызметтік көлікті пайдалануға тыйым салынған деген талап жоқ.  Бірақ ол нақты қызметтік қажеттілікке негізделіп, белгіленген тәртіппен рәсімделуі шарт.Қызметтік автокөлікті мемлекеттік қызметші  басқарды делік. Ол жол ережесін бұзса, құқық бұзған адам жауапқа тартылады. Оған салынған әкімшілік айыппұл мемлекеттік мекеменің бюджет қаражаты есебінен төленбейді. Айыппұлды құқық бұзушылық жасаған адамның  өзі төлеуі тиіс.Ал қызметтік автокөлікті штаттағы немесе шарт бойынша жұмыс істейтін жүргізуші басқарған жағдайда, жауаптылық жол ережесін бұзған жүргізушінің өзіне жүктеледі.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің хабарлауынша,  қызметтік көлікті жеке шаруамен  пайдалану мемқызметкердің этикасы мен жауапкершілігінің жоқтығын көрсетеді. Сондай-ақ мұндай әрекет мемлекеттік мүлікті мақсатсыз пайдалану ретінде бағаланып қана қоймайды. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тәртіпті, заң талаптарын және әдеп қағидаттарын сақтау деңгейіне кері әсер етеді. Сонымен қатар, қызметтік көліктерді қолдануға жауапты тұлғалардың тарапынан бақылаудың төмендігін көрсетеді.Егер мемлекеттік көлікпен баласын бақшаға, туысын той-томалаққа тасып жүргендерді  көрсеңіз,  тиісті мемлекеттік органға, оның әдеп жөніндегі уәкіліне немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне +7 7132 (747761) телефоны, + 7 747 950 9157 (Whatsapp) арқылы хабарласа аласыз.  Өтініште автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі, болған күні және уақытын, орнын, қандай мақсатта пайдаланылғанын, фото немесе бейнематериалдар болса, қоса көрсетуі шарт. Түскен әрбір хабарлама қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралып, келтірілілген деректердің растығы тексеріледі. Айта кетейік,

  Ақтөбе облысында 3858 мемлекеттік қызметші бар.

 

Әлеумет
10:14, 11 сентябрь 2026
305
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив