Республикалық маңыздағы автожолдардан 103 ақау анықталды

  Ақтөбе облысында бірнеше бағыт бойынша республикалық маңыздағы жолдардың құрылысы жүріп жатыр. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің мәліметінше, қазіргі уақытта 15 учаске бойынша кепілдік міндеттемелер сақталған. Оның ішінде «Ақтөбе-Атырау», «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз», «Ақтөбе-Орск», «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» және «Қостанай-Рудный-Денисовка-Комсомол-Қарабұтақ» тас жолдары бар. Мамандар жыл басынан бері жаңадан салынған және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандардан 686 сынама алған. Оның 103-і талапқа сай болмай шықты. Қазіргі дейін кепілдік міндеттемелеріне сәйкес мердігер мекемелер кемшіліктердің тең жарымын түзеп үлгерді. Зертханалық бақылау жұмыстары барысында жол құрылысына қажетті материалдардың нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Кей учаскелерде жол төсемінің конструкциялық қабаттарын салу және нығыздау кезінде де кемшіліктер кеткен. Жол-құрылыс жұмыстарының сапасына және қолданысқа берілген учаскелерді күтіп ұстау бойынша да ескертулер бар. Мұндай ақаулар жергілікті маңыздағы жолдардан да табылды.

«Біз жыл басынан бері 90 нысандағы құрылыс сапасына бақылау жүргіздік. Оның ішінде облыстық маңыздағы жолдар мен қала аумағындағы учаскелер де бар. Нәтижесінде 900-ге жуық сынама алынып, 32 ақау анықталды. Құрылыс компаниялары әзірге оның алтауын ғана қалпына келтірді. Қалған кемшіліктер де кепілдік мерзімі аясында жойылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қала көшелерімен қатар, елді мекендерден тыс жолдардың сапасына да көңіл бөлуді тапсырғаны белгілі. Сондықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарды сапалы түрде жалғастыра береміз», - дейді, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Ақтөбе облыстық филиалының инженері Есет Ұзақбаев.

Қоғам
15:34, 24 сентябрь 2026
147
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив