25 қыркүйек-Жалпыұлттық аза тұту күні
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметші теңізге батып кеткен. Олардың 14-і қаза тапқан, үшеуі құтқарылған. 25-қыркүйекті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. "Kерек.INFO” газетінің редакциясы оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить

