Кандидаттар металлургтермен кездесті
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Қазыбек Әлішев, Ұшқын Мыңбаев және Қайрат Болсын «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда кандидаттар партияның Ақтөбе облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңір экономикасын дамытуға қатысты міндеттерді талқылады.
Әсіресе өндіріс орындарын қолдау, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне назар аударылды.
Бағдарламада өңдеу өнеркәсібіндегі 10 жобаны іске асыруға жәрдемдесу, оның ішінде Ақтөбе қаласы станциясында жобалық қуаты жылына 825 шақырым рельс болатын рельс дәнекерлеу кәсіпорнын салу және ұйымдастыру, кейіннен тазартылған мысқа дейін қайта өңдеуге арналған тауарлық мыс концентратын өндіру, заманауи цемент зауытын салу жобалары бар. Жаңа өнеркәсіптік өндірістер құру тұрақты жұмыспен қамтуды және ашық салық түсімдерін қамтамасыз етеді, — деді Қазыбек Әлішев.
Ақтөбеде жылына 825 шақырым ұзын өлшемді рельс өндіретін рельс дәнекерлеу кәсіпорнының құрылысы өңірдің теміржол өндірісі саласындағы әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Бұл өндірістік кооперацияны дамытуға және логистикалық шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Қазыбек Әлішев партияның сайлауалды бағдарламасындағы басқа да мақсат-міндеттерге тоқталды. Партияның сайлауалды бағдарламасында мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салу жөнінде нақты міндеттер көзделген. Соның бірі – 2027 жылы Ақтөбе қаласында көпбейінді балалар ауруханасын салу. Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін облыста 6 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй, 24 мектеп, 12 денсаулық сақтау нысаны және елді мекендерге қажетті өзге де нысандар салу жоспарланып отыр.
Кандидаттар бағдарлама аясында шағын және орта бизнестің кемінде 852 жобасына қаржылай қолдау көрсету, сондай-ақ осы салада жұмыспен қамтылғандар санын 168,5 мың адамға дейін арттыру көзделгенін айтты. Бұл шаралар өңірдің өндірістік әлеуетін нығайтып, халықтың табысын арттыруға жағдай жасауға бағытталған.
«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» бас директорының бірінші орынбасары Әсет Алдамжаровтың айтуынша, кәсіпорында 750-ден астам адам еңбек етеді. Зауыт рельс-арқалық өнімдерін шығарады. Жылдық өндірістік қуаты – 430 мың тонна. Өнім Қазақстан аумағында және жақын шетелдерде сатылады.
Кездесу барысында бағдарламада белгіленген міндеттерді жүзеге асыру, соның ішінде өндірістің қуатын, өнеркәсіп саласындағы жұмыспен қамтуды арттыруға жағдай жасау жайы талқыланды. Кандидаттар зауыт жұмысшыларының сұрақтарына жауап берді.
Тапсырыс беруші: Алишев К.К.
Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.


