Ақтөбеде аз қамтылған отбасы балалары мамандандырылған мектептерге жеңілдікпен түсе алады
Жаңа оқу жылында аз қамтылған отбасы балаларына арналған жеңілдік қарастырылған. Бұл санатқа жататын 20 оқушы 15 пайыздық квотамен мамандандырылған мектептерге оқуға түсе алады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан мәлімдеді.
Назгүл ӘБЕТОВА
Жаңа оқу жылынан бастап аз қамтылған отбасы балаларына жақсы мүмкіндіктер қарастырылған. Осы санатқа жататын 20 балаға 15 пайыздық квотамен мамандандырылған мектептерге оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Олар БИЛ, Дарын,физика-математикалық мектептерге білім алуға қол жеткізе алады. Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан өңірде дарынды балаларды қолдау да ерекше жолға қойылғанын атап өтті. Қыркүйектен бастап халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 500-1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай көмек беріледі. Жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерге де біржолғы қаржылай көмек енгізілген. Облыс оқушылары республикалық, халықаралық олимпиадаларда 78 медальға ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс командасы «Ең үздік олимпиадалық команда», Білім-инновация» лицей-интернаты «Ең үздік инновациялық мектеп» атағын иеленді.