«Aqtobe su-energy group» кәсіпкерлер үшін баға көтерген
«Aqtobe su-energy group» АҚ-ның бизнес субъектілеріне қатысты сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау қызметтерінің тарифтерін негізсіз көтерген. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
Айгерім ШЫМҚАЕВА
@aigerim_shymkai
Монополист инвестициялық бағдарламаны орындамай, шығындарды тарифтерді көтеру есебінен өтеуді ұйғарған. Қадағалау актісі бойынша монополист уақытша өтемдік тариф енгізіп, 8 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
- Мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттеріне кәсіп иелері жиі шағымданады. Соның себептеріне талдау жүргізіп жатырмыз,- деп хабарлады облыстық прокуратура.
 
Әлеумет
				
			Комментарии (0)
			Добавить
		