Ақтөбеде 764 адамды алдаған қаржы пирамидасының ісі қаралды

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Выгодный Депозит» қаржы пирамидасының 6 мүшесіне байланысты сот ісі өтті.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Сот Қазақстанның 3 облысында 764 адамға 4 млрд. теңгеден астам шығын келтірген А, А, Т, К, Б және К есімді азаматтарды ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қаржы пирамидаларын құрғаны және басқарғаны үшін айыптады.

Елдегі ірі қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікке ілінген 6 адамның ісі 840 томнан тұрады. "Выгодный Депозит" ЖШС-не салымшылар 2019 жылғы 30 қарашадан 2020 жылғы 28 ақпанға дейін аса ірі мөлшерде қаражат салған.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, кеңселерді тінту хаттамаларымен, ЖШС-нің бухгалтерлік құжаттамаларымен, оқиға болған жерді тексеру, жеке тұлғаны тануға ұсыну хаттамаларымен, аудиторлық тексеру және сараптама қорытындыларымен дәлелденген. Алайда айыпталушылар сотта өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтемеген. Прокурор барлық сотталушыларды 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырып, кемінде 7 жылға дейін коммерциялық және қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыруды және мүлкін тәркілеуді ұсынған болатын.

 Сот А-ны коммерциялық және қаржы ұйымдарында 7 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Қаржы пирамидасының құрылтайшыларының бірі бұған дейін де осыған ұқсас жағдайда болғандықтан жазасын қауіпсіздік деңгейі максималды қылмыстық-атқару орынында өтейді. А, Т, К, Б, К-ге де қатысты осындай үкім шықты. Қылмыстық топ мүшелерінің әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Әлеумет
17:30, 17 январь 2023
1 167
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив