Ақтөбеде 9 жастағы бала резервуарға құлап кеткен
Кәмелетке толмаған бала элеватор жақта ойнап жүріп, тереңдігі шамамен 10 м болатындай астық сақтайтын резервуарға құлап кеткен.
Еркежан СЕРІК
30 мамыр күні сағат 23:31-де 102 телефонына хабарлама келіп түсті. Сағат 17:00-де Жанқожа батыр көшесіндегі үйлердің ауласынан 2013 жылғы кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткен. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
- Полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторлары іздестіру нәтижесінде элеватор ғимараты жанын тексерген уақытта Элеваторный көшесінде тереңдігі 10 м болатын резервуардан баланы тапты. Жағдайы өте нашар болды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар баланы резервуардан көтеріп шығарды. Қазіргі таңда бала облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде.
Ақтөбе облысы ПД ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить