Ақтөбеде резервуарға құлап кеткен бала қайтыс болды
Резервуарға құлап кеткен 9 жастағы бала ес жия алмады. Жиырма күн бойы комада жатып, қайтыс болды.
Айгерім ЖҰМАБАЕВА
aiko_zhumabaeva91
Естеріңізге сала кетсек, 31 мамыр күні ойнап жүрген жерден 9 жастағы бала жоғалып кеткен. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Полиция инспекторлары іздестіру нәтижесінде тереңдігі 10 м болатын резервуардан баланы тапқан. Жағдайы өте ауыр күйде бала облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген.
- 31 мамырда баланы жедел жәрдем көлігімен аурухана әкелді. Бас миының ауыр жарақатын алған. Қолымыздан келгенше барлық емдік шараларды жасадық. Баланың жағдайы өте ауыр болды. Сол күйі ес жимастан көз жұмды. Баланың денесі медициналық сараптамаға жіберілді,-дейді бас дәрігер Ербол Джаппахов.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить