Ақтөбеде 34 жастағы әйелді ит талады

Ақтөбелік әйел баласын қаңғыбас иттерден қорғау үшін қолына көтеріп тұрған. Бұл уақытта ызалы иттер әйелдің аяғын тістелеп тастаған.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

15 шілде күні кешкі 20:25 шамасында 1988 жылғы Ақтөбе қаласының тұрғыны мен 3 жасар баласына 10 шақты қаңғыбас ит шабуыл жасаған. Оқиға Есет батыр шағын ауданындағы 35 үйдің жанында болыпты. Иттердің ұмытлғанын көрген әйел қолындағы дәрілерін лақтыра салып, кішкентай баласын барынша жоғары көтереді. Осы сәтте иттер әйелдің екі аяғын тістелеп, тырнап тастаған. Абырой болғанда сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам мен жақын жердегі құрылыстың күзетшісі келіп, екеулеп жүріп әрең ажыратып алған. Жомарт жандар дереу жедел-жәрдем шақырады.  Алғашқы көмек көрсетілген соң әйел БСМП-ға жеткізілген. Қазіргі таңда үйінен қатынап, ем алуда.

- Осы 35 үйдің маңында құрылыс болып жатыр. Крандардың, талдардың арасында ит деген қаптап жүреді. Үнемі байқаймыз. Осы бір-екі күндікте балдызыма да иттер жүгірген. Қайта қолында электрошокері болып, қорқытып үлгерген. Әйелім онсыз да сырқаттанып, ем алып жүр еді. екеуі де әбден шошып қалған. Балам әлі «Маманды ит жеп қойды» деп айтып жүр. Жақын маңда адам болмағанда не боларын ойлағым да келмейді,-дейді зардап шеккен әйелдің жолдасы Талғат.

 

Әлеумет
14:00, 21 июль 2022
1 952
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив