Бір отбасы жол апатына түсті


Байғанин ауданының 40 жастағы тұрғыны отбасымен «Renault Duster» автокөлігіне отырып, жолға шыққан. «Ақтөбе–Астрахань» тас жолының 248 шақырымында, дәлірек айтқанда, аудан орталығы Қарауылкелді ауылынан 1 шақырым жерде жол жиегінде тұрған «Iveco» жүк көлігіне барып соғылады.

Соққыдан кейін  «Renault Duster» автокөлігі жол жиегінде тұрған екінші «Камаз» жүк көлігіне барып соқтығысады. 20  мамыр күні сағат түнгі 00:10-да  болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушінің 41 жастағы әйелі мен 3 жасар қызы оқиға орнында көз жұмды. Отағасы кәмелетке толмаған 2005 жылғы ұлымен Байғанин аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Алайда жасөспірім ауруханада қайтыс болады. Отағасы әлі ес-түссіз күйде.

 

 

 

Құқық
10:30, 30 май 2022
705
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив