Ақтөбеде жол апатынан Қырғызстан азаматы қайтыс болды
Ырғыз ауданында жол апаты болып, Қырғызстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
Оқиға 14 қыркүйек күні 16:25-те болған. Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының жанындағы Самара-Шымкент автожолында жол апаты орын алды. “ВАЗ 2105” автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай,аударылып кеткен.
Көлікте болған 31 жастағы жолаушы,Қырғызстан Республикасының азаматы оқиға орнында қаза тапты.Ал, жүргізуші түрлі жарақаттармен Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить