Ақтөбеде атышулы мектеп ашылды

 Төрт жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған мектеп ашылып, оқушыларды қабылдады. Есет батыр мөлтек ауданындағы жаңа мектепте енді 900 бала оқитын болады. 

Еркежан СЕРІК

@gazet—kerekinfo


Ақтөбеде тұрғын көп шоғырланған Есет батыр ауданында жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Бұл мектептің төрт жыл бойы құрылысы тоқтап тұрғандықтан, аудан оқушылары жан—жаққа қатынап оқитын еді. Жаңа мектеп бірден үш ауданның оқушыларын қабылдап жатыр. 

— Жаңа мектепте оқушыларға қажет нәрсенің барлығы қамтылды. Құрылыс жұмыстары әлі жүріп жатыр, дегенмен мектеп өз оқушыларын толықтай қабылдауға дайын. Бүгін бірінші ауысымның оқушылары осы жерде оқыды, — дейді Ақтөбе қалалық оқу бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева. Айтуынша, бұл мектепте Қызылжар орта мектебі, #73 орта мектептің кейбір оқушылары, 3 және 4 мөлтек аудан балалары оқитын болады.

Әлеумет
14:30, 19 сентябрь 2022
1 069
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив