Ақтөбеде коллекциялық монеталарды ұрлаған ер адам ұсталды
Ақтөбеде коллекциялық монеталар мен алтын бұйымдарды ұрлаған қостанайлық азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
21 қыркүйек күні саяжайдағы пәтерлердің біріне ұры түскен. Белгісіз біреу ол жерден 750 мың теңге ақша, түрлі жылдардағы КСРО-ның коллекциялық монеталары мен алтын бұйымдарын қолды еткен.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Қостанай облысының тумасын ұстады. Ұсталған азамат Ақтөбедегі тағы бір пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталған. Ер адамнан “iphone 6” ұялы телефоны мен 57 дана коллекциялық монета, қалта сағатын тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі таңда42 жастағы қостанайлық ер адамның тағы басқа пәтер ұрлығына қатыстылығы тексеріліп жатыр.