Мантудың орнына екпе алған ақтөбелік оқушыларды медициналық орталықтың дәрігерлері тексерд

 Республикалық жетекші медициналық орталықтардың дәрігерлері манту сынамасыз екпе алған ақтөбелік оқушыларды тексерсе, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы комиссиясы, денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова манту сынамасыз БЦЖ вакцинасымен қайта егілген №74 мектептегі 1-сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесті.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше жағдай министрдің жеке бақылауында.

- Қызметтік тергеу басталды, комиссия құрылды, жоспардан тыс тексерулер де ашылды. Эпидемиологиялық тексерудің қорытындысы бойынша және сараптама нәтижесінің негізінде оқиғаға баға беріліп, медицина қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданады. Барлық балалар жіті бақылауда болады», - деді елдің бас санитары.

Барлығы 42 бала манту сынамасыз БЦЖ вакцинасын алған. Олар сабаққа да қатысып, медициналық тексеруден де өтіп жатыр. Оқушыларды Ақтөбеге келген республикалық ұлттық фтизиопульмонологиялық орталықтың, педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандары тексеруде.

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен мектеп мемлекеттік емхананың қызметіне берілген. Балалардың денсаулығын тұрақты бақылау мақсатында қаладағы үздік дәрігер-педиатрлар екі ай бойы мектепте кезекшілікте болады.





Әлеумет
14:00, 30 сентябрь 2022
861
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив