Ақтөбеде сотталған азамат оқушының телефонын ұрлаған

 Ақтөбеде 7 сынып оқушысының телефоны ұрланған. Күдіктінің бұған дейін де осындай қылмыс жасап сотталғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе қалалық полиция бөліміне әйел адам арыз түсірген. Оның айтуынша, 7 сынып оқитын қызының ұялы телефонын аялдамадан автобусқа мінер кезде белгісіз біреу ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары құны 150 мың теңге тұратын “VIVO-Y53S” маркалы телефонды қолды еткен күдіктіні ұстады. Күдіктінің жылдың басында осындай қылмыстары үшін сотталғаны белгілі болды. Пробациялық бақылауды бұзған оның жазасы 11 айға бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілді.


Әлеумет
13:30, 11 октябрь 2022
2 599
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив