Ақтөбеде ешқандай қылмыс тіркелмеген 7 ауыл бар

Ақтөбе облысындағы 7 ауылдық округте соңғы екі жылда ешқандай қылмыс тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ақтөбе облысына іссапармен келді. Тұрғындармен кездесіп, көкейде жүрген сауалдарына жауап берді. Министрдің мәліметінше, Ырғыз ауданындағы Қызылжар, Мұғалжар ауданындағы Егіндібұлақ, Алға ауданындағы Қарабұлақ, Темір ауданындағы Таскөл, Әйтеке би ауданындағы Қайрақты, Ақтас, Ақкөл ауылдық округтерінде соңғы екі жылда ешқандай қылмыс тіркелмеген. Ауыл әкімі мен учаскелік инспектордың аты-жөндерін атап, үлгі алу керектігін баса айтты. Аталған азаматтардың жұмысын тәжірибеге енгізіп, марапатқа ұсынатынын жеткізді.


Құқық
11:00, 01 декабрь 2022
2 430
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив