“Ақтөбе жастары” бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

Баспанадан 35 жасқа дейінгі, кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар жастар үміттене алады. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Елеусіз Нұрғалиев мәлімдеді.   
Назгүл ӘБДУӘЛИ 
kerekinfoaktobe@gmail.com  
35 жасқа дейінгі жастардың тұрғын үй мәселесін шешуге арналған “Ақтөбе жастары” бағдарламасына 18 бен 35 жас арлығындағы білім, денсаулық, спорт, мәдениет, әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы саласы, төтенше жағдай қызметкерлері, журналистер, волонтерлік қызметтегілер қатыса алады.
Бағдарламаға қатысушының аталған салалардың бірінде кемінде 1 жыл ресми еңбек өтілі болуы керек. Қарыздың  ең жоғары сомасы 15 миллион теңге. Бастапқы жарна 10 пайыз. Несие 23 жылға дейін 5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Өтініштер 30 желтоқсанға дейін  Әйтеке би көшесі, 39 мекен-жайдағы “Облыстық жастар ресурстық орталығы” ғимаратында қабылданады.
Бағдарламаға қатысушылар үлгі бойынша өтініш, білімі туралы сканерленген құжат, неке қию туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі, барлық отбасы мүшелерінің атында жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама, еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасын ала барады. 
Аталған бағдарламаға жергілікті  бюджет пен «Отбасы» банкінен 600 миллион теңге қаражат бөлінген.

Әлеумет
16:30, 14 декабрь 2022
3 441
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив