“Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында биыл 323 квота бөлінген

Ақтөбе облысына “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында биыл 323 квота бөлінген. Үш жыл ішінде жасанды ұрықтандыру жолымен 126 келіншек нәресте сүйсе, жақын арада жетеуі босанбақшы. Бұл туралы облыстың бас репродуктологі, медицина ғылымдарының кандидаты Светлана Есенаманова мәлімдеді.

"Аңсаған сәби" бағдарламасы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асып келе жатқаны белгілі. Алғашқы жылы облысқа 324 квота, ал 2022 жылы 322 квота берілген. Ал, биыл 323 квота бөлінді. Облыстың бас репродуктологі Светлана Есенаманованың айтуынша,бөлінетін квоталар санын құнарлы жастағы халық санына қарай айқындайды.

Жасанды ұрықтандыру жолымен сәби сүю үшін квота алғысы келген жұп тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханасына өтініш білдіре алады. Ол үшін бедеулік бойынша диспансерлік бақылауға тұруы қажет. Ең бастысы, іріктеу критерийлеріне сәйкес келсе болғаны. Толық медициналық зерттеуден өткен соң, жергілікті емхана ерлі-зайыптыны облыстық перинаталды орталықтағы гинеколог-репродуктологтарға жібереді.

Квотадан үміткер жұп 18 экоорталықтың кез келгенін таңдай алады. Олардың бірі-Ақтөбе қаласындағы облыстық перинаталды орталықта орналасқан. Осылайша, олар алысқа бармай-ақ, қаржысын үнемдеуге мүмкіндік алады.

“Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында 100 келіншек жүкті болса, соның 7-еуі жақын арада сәби сүюге дайындалып жүр.


Әлеумет
14:00, 09 февраль 2023
791
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив