Ақтөбе облысы бір айда 4,4 мың тонна нан шығарған
Ақтөбе облысы нан шығарудан республика бойынша үшінші орында тұр. Бұл туралы energyprom.kz сайты жариялады.
Еркежан СЕРІК
kerekinfoaktobe@gmail.com
Биылғы жылдың қаңтар айында елімізде 42 мың тоннадан астам нан өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға артқан. Energyprom.kz сайтының мәліметінше, өндірілген нанның ең үлкен көлемі Түркістан облысына тиесілі. Екінші орында Алматы облысы , 4,4 мың тонна нан шығарып, Ақтөбе үшінші орынға жайғасқан. Ал, нанды аз өндірген өңір- Ұлытау облысы.
Қазақстанда бір жылда нан 19 пайызға қымбаттаған.Ал, Ақтөбе облыстық статистика департаментінің мәліметінше, Ақтөбеде нан бағасы шарықтап кеткен.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить