Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

 Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты,-деп хабарлайды Polisia.kz

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Оқиға “Жаңажол-Сарыкөл” автожолында болған. “Lada Priora” автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Салдарынан “Renault Daster” автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан “Lada Priora” автокөлігін тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан. Ал, екінші көліктің жүргізушісі Кеңқияқ ауылындағы аурухананың қабылдау бөлімінде көз жұмған.

Облыстық ПД мәліметінше, екі көлікте болған төрт жолаушы ауруханаға жатқызлған. Оның екеуі кәмелетке толмаған бала. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған.


Құқық
14:30, 12 апрель 2023
906
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив