Ақтөбеде қараусыз жүрген жылқы жеңіл авто көлікпен соқтығысқан

 

3 шілдеде сағат 02:10 шамасында "Toyota Camry" автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Қобда ауылы жағынан Ақтөбе қаласына қарай  "Самара–Шымкент" автожолында жүріп келе жатып атқа соқтығысқан.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

aiko_zhumabaeva91

 Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы Қобда ауданының ауруханасына жеткізілді. Келесі күні жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жауапкершілікке тарту үшін мал иесінің жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар өткізуде. Ақтөбе облысының Полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды тиісті ұйымдастыра отырып, ауыл әкімшілігі арнайы бөлген орындарда жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салады. Жануарлардың жүріп-тұруы айдап өтудің бекітілген бағыттары бойынша, сондай-ақ иесінің немесе жауапты адамның ілесіп жүруімен жүргізілуге тиіс.Сонымен қатар, иесіз мал ЖКО-ның себепкері ғана емес, сонымен қатар қылмыскердің  қылмыстық әрекетінің объектісі бола алады.

 

 

Құқық
11:30, 07 июль 2022
883
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив