Ақтөбеде білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

 Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысы лауазымына Жайық Сұлтан тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

НАЗГҮЛ ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Жайық Исаұлы 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін “қазақ тілі мен әдебиеті”, 2012 жылы Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін “Шет тілі: екі шет тілі” мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2014 жылы “Болашақ” бағдарламасымен Лондондағы Брунель университетін “оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі” мамандығы бойынша бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2004 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының педагогикалық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері болып бастаған.

 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін ЮНИСЕФ Қазақстан халықаралық ұйымында балалар құқықтарын қорғау мониторингі және бағалау жөніндегі маманы қызметі атқарып келді.






Әлеумет
11:30, 17 апрель 2023
830
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив