Жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік қызмет уақытша тоқтатылады


26 сәуір мен 9 мамыр аралығында жүргізілетін жұмыстардың салдарынан бұл қызметті көрсету уақытша тоқтатылатыны туралы хабарланған еді. Енді бұл мерзім өзгертілді.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

 «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпарат жүйесіне көшуіне байланысты жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтер көрсетуге өтінімді қабылдау уақытша тоқтатылады.

-Азаматтарға қолайлы болуы үшін өтінімдерді қабылдау тек 5-9 мамыр аралығында ғана тоқтатылады. 5-мамыр жұмыс күніне, ал қалған күндер мереке күнідеріне келіп түседі. Осылайша, «Жылжымайтын мүлік тізілімі» дерекқорынан ЖМБМК-ға көшу жұмыстары халыққа қолайсыздық туғызбай жүргізіледі, - деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Атап айтсақ, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, оларды техникалық тексеру, сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша тіркеу саласындағы қызметтердің барлық түрлері көрсетілмейді.

Әлеумет
11:52, 28 апрель 2023
696
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив