Медиация – дауды шешудің тиімді жолы

20-21 сәуір күндері «Медиацияы дамыту және ГСЗ шеңберінде конфликтология » бойынша семинар-тренинг өтті. Іс-шараға мемлекеттік мекемелерден 20-дан аса  маман  қатысты.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Семинар-тренинг Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығында өтті. Іс-шараға Ақтөбе қаласының Ішкі саясат басқармасының, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың басшылары, мамандары және қалалық әкімдіктің мамандары қатысты. Семинарды білікті медиаторлар жүргізіп, дәріс оқыды. Кездесу барысында медиация құралдарын дамыту және пайдалану мәселелері көтерілді.

- Ақтөбеде 12 жылдан астам уақыт медиатор болып қызмет етіп келемін. Шетелде семинар-тренингтерге, жиналыстарға қатысып, біраз тәжірибе жинадым. Мен біздің ұрпақтарымыздың болашағы үшін медиациямен айналысып жүрмін. Қоғамда дау туындамағанын қалаймыз. Себебі даудың кесірінен түрмедегі адамдар саны көбейеді. Мұның бәріне себеп - түсіністік танытпай, дау-жанжалға ерік беру, келісімге келе алмау. Президенттің тапсырмасымен медиацияны дамытуымыз керек. Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін мамандарға медиация аса қажет. Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысын орындау аясында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинарға 23 маман қатысып, өз пікірлерін ашық айтты. Халықпен бейбіт келісімге келу, дауды тез шешу жолдары қарастырылды. Жалпы адамдар бір-бірін мұқият тыңдап, түсіністік танытса, дау туындамайды, - деді тренер-медиатор Светлана Балпеисова.

Семинарда Астана қаласынан келген халықаралық медиация институтының директоры Жанар Үсіпбекова дәріс оқыды. Сонымен қатар, іс-шараға тренер-медиатор «Ақтөбе қаласының медиаторлар кеңесі» ҚБ төрағасы Сандуғаш Бисенбина және жоба менеджері Аяжан Мұсаева қатысты. Қатысушыларға ақпараттық буклеттер мен брошюралар таратылды. 

Әлеумет
12:03, 28 апрель 2023
899
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив