Жаңажол кен орнындағы өрттен 4 адам зардап шекті

 Мұғалжар ауданының Жаңажол кен орнында қондырғы өртенген. Салдарынан күйік шалған 4 жұмысшы аудандық ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

НАЗГҮЛ ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Оқиға Батпақкөл ауылынындағы Жаңажол кен орнында болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 9 техника мен 50-ден астам адам жұмылдырылған. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 20 тонналық 5 цистерна мен басқа обьектілердің жануына жол бермеген. Аэровизуальды барлау жұмыстары жүргізіліп, жедел штаб құрылған. Қазіргі таңда өрттің шарпыған ауданы мен шығу себебі анықталып жатыр.


Әлеумет
09:30, 02 май 2023
1 096
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив