Есірткі тасымалдаған ақтөбелік 11 жылға сотталды

 Есірткі сақтап, тасымалдаған айыпталушы 11 жылға сотталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Айыпталушы өзінің гаражында синтетикалық есірткі сақтаған. Оны жасырын таратқан. Сотта ол өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Алайда, оның кінәсі сараптама қорытындысымен, айғақтармен дәлелденген. Сотталушы ҚР ҚК-нің 297-бабы 1,3,5 тармақтарымен кінәлі деп танылды. Енді ол 11 жылын абақтыда өткізетін болды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Құқық
10:00, 11 май 2023
1 216
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив