Ақтөбеде 10 жастағы бала суға батып кетті

 Ата-ананың қарауынсыз ойнап жүрген бала суға батып, көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облысының ТЖД хабарлады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Оқиға 2 маусым күні кешкі сағат 6 жарымдар шамасында болған. Айболит бау-бақша ұжымы ауданында 10 жастағы бала суға батып кеткен. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері баланың денесін судан шығарды.

Сонымен қатар, 1 маусым күні Елек өзенінен 15 жасар бала құтқарылды. Өзен бойында ойнап жүрген бала суға түсіп, шыға алмай қалған. Көмек сұраған баланың даусын естіген Қолқанат Баққұл оны құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Төтенше жағдайлар департаменті балаларға ересек адамдардың қарауынсыз суға шомылуға тыйым салынатынын ескертеді.


Қоғам
11:30, 05 июнь 2023
1 145
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив