Ақтөбеде полиция қызметкері 10 жылға сотталды

Полицияның аға сержанты аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтап, сатумен айналысқан. Сот полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Аға сержант психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз сақтап, өткізген, ұрлаған. Сонымен қатар, 10,22 грамм болатын мефедронды 120 000 теңгеге сатады. Ол сотта өз кінәсін мойындамады.

Ол психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ұрламаған болып шықты. Бірақ сот оларды сақтап, сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Құқық
13:30, 12 июнь 2023
949
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив