Ақтөбе облысында жол апатынан сәби қайтыс болды

11 қыркүйек сағат 07:00-де Мұғалжар ауданы Сағашилі аулының маңындағы Ақтөбе-Астрахань автожолының 127 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. 28 жастағы Kia-Ceed автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралын аударып алған. Автокөліктің салонында жүргізушінің отбасы болған. Апат салдарынан бес айлық қыз бала оқиға орнында қайтыс болды, жұбайы мен 2 жасар ұлы медициналық мекемеге жеткізілді.

Құқық
16:30, 11 сентябрь 2023
544
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив