Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші көз жұмды
18 шілде күні сағат 01:40-та Самара-Шымкент автожолының 692 шақырымында Қобда ауданынан Ақтөбе қаласы бағытында Маржанбұлақ ауылына жақын жерде «Мерседес-Бенс» автокөлігі аударылып қалған.
ЖКО салдарынан автокөлік өртеніп, 38 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы Ақтөбе қаласының ауруханасына жатқызылды. Өткен аптада облыс жолдарында 12 жол көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды.
Құқық
Комментарии (0)
Добавить