Ақтөбеде микроқаржы ұйымын тонап кетті
Ломбардқа беті-аузын тұмшалап кірген белгісіз адам 1 млн. теңгені алып, ізін суытқан. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Аружан СМАҒҰЛОВА
@smagulova__aruzhan
Оқиға 15 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Медициналық бетперде мен күн көзілдірігін киген белгісіз біреу ломбардқа кіріп, 1 млн. теңгені ұрлап, қашып кеткен. Оның қолында тапаншаға ұқсас зат болды.
Полиция қызметкерлері 42 жастағы күдіктіні үйінен ұстады. ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить