Ақтөбеде велосипед ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Ақтөбедегі ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрған велосипед ұрланып, мүлік иесі полицияға шағымданған. 25 жастағы велосипед иесіне келтірілген залал көлемі 40 мың теңгеге бағаланыпты.

Балауса НҰРҚЫЗЫ

kerekinfoaktobe@gmal.com

Велосипед есік алдындағы темір қоршауға құлыппен бекітілген, бірақ бұл да ұрылардың қылмыстық пиғылын жүзеге асыруына кедергі бола алмаған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында бейнебақылау камералары жазбаларының көмегімен екі ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Олар 44 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын және 22 жастағы колледж студенті болып шықты. Тергеп- тексеру барысында ұсталғандар осы ұрлықты жасағаннан кейін, кешкі уақытта Әбілқайыр хан даңғылы мен Қ. Сәтбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің алдынан тағы екі велосипедті ұрлағаны анықталды. Бұл екі жағдайда да велосипед иелері мүлкін кіреберіске қалдырып, есік алдындағы темір қоршауларға арнайы құлыппен бекіткен.

Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған велосипедтердің барлығы тәркіленді. Күдіктілер оларды жеке пайда табу мақсатында ұрлағандарын мойындады. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.


Қоғам
14:40, 26 сентябрь 2023
933
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив