Ақтөбеде сыныптасының үйіне қонаққа келген жігіт ұрлық жасаған
Ақтөбеде жас жігіт сыныптасының үйіне қонаққа келіп, алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.
Назгүл ӘБЕТОВА
@nazgulabetova
Үй иесі дастархан жайып жатқанда 24 жастағы жігіт қорапшада тұрған алтын бұйымдарды қолды қылған. Зергерлік бұйымдарды ломбардқа кепілге қойған. Ақша алып, өз қажеттілігіне жұмсаған. Полицияның дерегінше, келтірілген шығын көлемі 460 мың теңгені құрайды.Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл баптың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, айыппұл салынады. Немесе 3 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить