Заңсыз қоян атқан ақтөбелік ұсталды

Полиция қызметкерлері «Ембі-Алтынды» трассасында «UAZ-3909» автокөлігін тоқтатты. Көліктен атылған 4 қоян табылды.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Көлікті Қостанай облысының тұрғыны басқарыпты. Сондай-ақ, автокөлікте 3 жолаушы болған. Көліктен атылған 4 қоян, 12-інші және 20-калибрлі екі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 38 патрон, 2 резеңке қайық пен 10 метрлік тор табылып, тәркіленді.

Тәркіленген қарулар көліктегі 43 жастағы Ембі қаласының тұрғынына тиесілі болып шықты. Қаруды сақтауға, алып жүруге рұқсаты болғанымен, аңшылыққа тиісті рұқсаты болмаған. Күдікті кінәсін мойындады.

ҚРҚК-нің 337-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік полиция бөлімшесінің аумағына тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде.


Қоғам
14:48, 23 октябрь 2023
891
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив