Ақтөбеде теміржолшы жігіт рельс құралдарын ұрлаған

Теміржолшы барлығы 132 дана рельс бекіткіш құралын ұрлап, металл қабылдау пунктіне тапсырған. Кәсіпкерге келген шығын 700 мың теңгеден асады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Теміржолшы Мұғалжар ауданының Ембі қаласынан 16 километр қашықтықта орналасқан теміржолдан рельс бекіткіш құралдарды ұрлаған. Ол осындай құралдың 132-сін қолды қылған.

Жәбірленуші Ембі қалалық полициясына арызданды. Полиция қызметкерлері 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ол ұрлаған құралдарды металл қабылдау пунктіне тапсырып жіберіпті. Күдікті аудандағы басқа теміржол мекемесінде жұмыс жасайтын болып шықты. Сондықтан құралдарды арнайы кілттермен шешіп алған.

Заттай айғақтар алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.


Құқық
15:42, 23 октябрь 2023
1 652
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив