Қандыағаштағы мектеп келесі жылы пайдалануға беріледі
Қандыағашта іргетасы осыдан 2 жыл бұрын қаланған мектептің құрылысы қайта жанданатын болды.
Назгүл ӘБЕТОВА
@nazgulabetova
Мердігер ұйым құрылыс жұмыстарының 40 пайызын ғана орындаған. Компания директоры Бақтияр Мырзағалиевтің айтуынша, құрылысқа қажетті материалдар 780 миллион теңгеге шарықтап кеткен. Жоба 2,7 млрд.теңгеге қайта түзетуге жіберілген. Нысанның жалпы ауданы шамамен 3000 шаршы метрді құрайды.
Облыс әкімі Асхат Шахаров Қандыағашқа барған сапарында тұрғындар мектеп мәселесін де айналып өтпеді. Аймақ басшысы 600 орындық білім ордасының құрлылысы жақын күндері қайта жанданатынын айтты. Ал мердігер ұйым басшылығы жыл соңына дейін ғимаратты көтеріп, жылу өткізіп, әрлеу жұмыстары басталатынын айтып сендірді.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить