Ақтөбеде арзан азық-түлікті қайдан сатып алуға болады?

Арзан азық-түлікті қайдан сатып алуға болады? Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімінде 19 түрлі тауар бар. Өнімдердің бағасын тұрақтандыруға 2018-2023 жылдар аралығында 4,5 млрд.тг қаражат бөлініп, тұрақтандыру қоры құрылған еді.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Әлеуметтік азық-түліктің бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда желілері және дүкендермен 500-ден астам меморандумға қол қойылды. «Анвар» және «СапаМаркет» желілерінде азық-түліктің баға үстемесін 5%, аудандардағы дүкендерге 10% асырмауға келісілді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрақтандыру қорында 31,0 тонна қарақұмық жармасы, 300,0 тонна қант, 560,3 тонна бірінші сұрыпты ұн және 68 тонна күріш бар. Сәуірде нан бағасы қымбаттамас үшін ірі нан зауыттарына 4604 тонна бірінші сұрыпты ұн бөлінді. Қазіргі уақытта 550 грамдық 1 бөлке әлеуметтік нан 86 теңгеден сатылып жатыр.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік «Анвар», «Дина» супермаркеттерінде, «Алтай», «Жилгородской», «Табыс», «Орталық базарда» сатылады. Аталмыш азық-түліктің бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің базарлардағы және супермаркеттердегі бағасы қанша? Бұл сұраққа Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің жалпы сұрақтар бойынша секторының меңгерушісі Жамбыл Салиев жауап берді.

Былтыр жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша, сауда үстемесін асырған және тауардың бағасын көрсетпей сатқан 3 кәсіпкерге айыппұл салынып, қалғандарына ескерту берілген. Сонымен қатар, 10 кәсіпкер «өнімсіз делдал тізбегінен» алынып тасталды.

Ал 13 қаңтар күні «Табыс» базарында хромтаулықтардың жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 4 бас сиыр, 3 бас жылқы мен 9 бас қойдың тұтас еті, 70 қаз, 30 литр сүт пен 300 дана жұмыртқа сатылды. Әкелінген өнімдердің бағасы – нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен. Жылқының бір келі еті 2200 тг, сиырдікі - 2100 тг, ал қойдың еті, құс еті келісіне 1800 теңгеден саудаланды. Ақтөбеліктер сүтті литріне 400 тг, ал айранды 350 теңгеге сатып алды.



Әлеумет
14:55, 18 январь 2024
2 647
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив