“Отау” бағдарламасына өтінім қабылдау 10 күннен кейін басталады

“Отау” бағдарламасына өтінім қабылдау 1 наурызда басталады. Аталған бағдарлама 7 жылға есептелген. Осы кезең ішінде 50 мың тұрғын баспанамен қамтылады. Бұл туралы “Отбасы банк” АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Бағдарламаға 18-63 жас аралығындағы “Отбасы банк” салымшылары, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. Өтінім берген кезде депозиттегі жинақ 1 миллион теңгеден кем болмауы керек. Ескеретін жәйт, қатысушының атында соңғы 5 жылда тұрғын үйі болмауы шарт. “Отау” –жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларын, банк салымшыларын үймен қамтуға бағытталған бағдарлама.

-Жыл сайын заемдардың жартысынан астамы 35 жасқа дейінгі қазақстандықтарға кредит беруге бөлінеді. “Отау” бағдарламасы 7 жылға есептелген. Осы кезеңде 50 мың азаматтың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесеміз. Жыл сайын қаржыландыруға 150 млрд. теңге бағыттайтын боламыз. Бұл ақша банк өз қаражаты есебінен болады,-деді Ләззат Ибрагимова.

Өтінім беру уақыты аяқталғаннан кейін otbasybank.kz сайтында қатысушылар тізімі автоматты түрде жасақталады. Оған ең көп ұпай жинағандар кіреді. Егер үміткерлердің ұпайларының саны бірдей болса, онда басымдық салым сомасы көбірек және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамға беріледі. Қатысушылар іріктеуден өткенде 40 жұмыс күн ішінде несиелік өтінім бере алады. Банк мақұлдаған жағдайда өтінім 6 ай ішінде жарамды болып есептеледі.

Айта кету керек, “Отау” бағдарламасына берілетін қарыз сомасы-18 миллион теңге. Алғашқы жарна 20 пайыздан басталады. Несие 19 жылға дейін беріледі. Өтініш беру 30 сәуірге дейін жалғасады.







Қоғам
12:07, 19 февраль 2024
4 921
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив