Ақтөбеде 12 вагон газ ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбеде кен орны аумағынан 12 вагон әлеуметтік газ ұрлаған күдіктілер ұсталды. Олар газ өңдеумен айналысатын компанияның жұмысшылары екені белгілі болды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

 Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

 Әлеуметтік газды ұрлаған   бір топ адамды облыстық полиция департаменті, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура қызметкерлері құрықтады. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың мәліметінше, олар есепке алынбаған газды жинап, кейін теміржол арқылы тасымалдаған. Күдіктілер  газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болып шықты. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Келтірілген шығын көлемі сараптама нәтижесінде белгілі болады. Полиция қазір жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қоғам
09:30, 07 февраль 2025
583
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив